Сергей Старыгин: Финляндия мен Канададағы ойыншыларды шақырамыз
Хоккей
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-18) бас бапкері Сергей Старыгин Eurasia Jastar Cup турнирінкн кейін, әлем чемпионатына дайындықтың қалай жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
- Екі айдан кейін әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиындары басталады. Турнирден қандай қорытынды шығардыңыздар?
- Команданың деңгейі өсуі үшін осындай турнирлердің көп болғаны жақсы. Белгілі бір қорытындылар жасадық. Ұлттық құрамаға бұл жолы шақырту алмаған Қазақстаннан өзге елдерде өнер көрсетіп жүрген жігіттер бар. 2005 жылғы хоккейшілеріміз Қазақстан жастар құрамасымен бірге Минсктегі турнирге қатысуға кетті. Бәрін бақылауда ұстаймыз. Оған қоса, Қазақстан жастар лигасында маусымның ең тартысты кезеңі басталды.
- Қазақстан мен Ресейден өзге елдерде өнер көрсететін спортшыларымыз да бар.
- Екі хоккейшіміз Финляндияда, тағя екеуі Канадада ойнап жүр. Оларды ұлттық құрамаға шақыруды жоспарлап отырмыз. Жазда бізбен бірге жаттығу өткізген. Финляндиядағы хоккейшілерімізді білеміз, олар біздің командада өнер көрсетті.