Елена Рыбакина Дохадағы турнирді іріктеу сынынан бастайтын болды

Елена Рыбакина Дохадағы турнирді іріктеу сынынан бастайтын болды
Теннис

Әлемнің оныншы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохада өтетін WTA-500 турнирін іріктеу кезеңінен бастайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жарыстың негізгә кезеңі 13-18 ақпан аралығында өтеді. 

Әлемдік рейтингте үздік ондыққа еніп тұрғанына қарамастан, Елена Рыбакина жарыстың негізгі құрамына енбей қалды. Өйткені, ол әлемнің 25-ракеткасы болып тұрған кезінде турнирге қатысуға өтінім берген. 

Жарыстың іріктеу сынында Виктория Азаренко, Каролина Плишкова, Барбора Крейчикова сынды танымал теннисшілер сынға түсетінін айта кетейік. 

Іріктеудегі 32 теннисшінің тек төртеуі ғана жарыстың негізгі еезеңіне өтеді. Сондықтан спортшылар өзге WTA-500 турнирлеріндегідей екі емес, үш матчта жеңіске жетуі керек.