Путинцева “Grand Slam” жарысы чемпионын жеңіп кетті

Путинцева “Grand Slam” жарысы чемпионын жеңіп кетті
Теннис

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Абу-Дабидегі турнирдің бірінші айналымында өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Отандасымыз әлемнің 37-ракеткасы, канадалық Бьянка Андреескумен кезщесіп, 7:6, 6:2 есебімен жеңіп кетті. 1 сағат 41 минутқа созылған ойында қазақстандық теннисші екі эйс жасап, бір қосарланған қателікке жол берді. 

Бьянка Андрееску 2019 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанған.

Ал Юлия Путинцева келесі кезеңде бразилиялық теннисші Беатрис Хаддад Майямен кездеседі.