"Челсидің" экс-ойыншысы Түркиядағы қираған үйлердің астында қалып қойған
Футбол
Бұрын "Челси" сапында өнер көрсеткен, қазір түркиялық "Хатайспор" командасының намысын қорғайтын Кристиан Атсу Түркиядағы жер сілкінісінен кейін қираған үйлердің астында қалып қойған, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Суперлигада өнер көрсететін "Хатайспор" футбол клубының вице-президенті Мұстафа Озат футболшының әлі де болса қираған үйлердің үйіндісі астында екенін айтты.
"Өкінішке қарай, Кристиан Атсу мен спорттық директорымыз Танер Савут әлі де болса құтқарылған жоқ", - деп жазады Мұстафа Озаттың сөзін "Milliyet" баспасы.
Клуб ойыншылары командалас әріптесіне хабарласа алмаған. Одан бөлек, команданың тағы үш ойыншысы осындай үйінділер астында қалып, құтқарылған.
Еске салайық, Кристиан Атсу мансабында "Челси", "Ньюкасл", "Эвертон" сынды және өзге танымал клубтарда өнер көрсеткен.