Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының финалына өте алған жоқ

Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының финалына өте алған жоқ
Теннис

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Чилиде өткен Дэвис Кубогы финалдық кезеңіне іріктеу сынында жеңіліс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Топырақ төсеніште өткен жарыста шешуші матч Александр Бубликтің Кристиан Гаринге қарсы өткізген ойыны болған. Алайда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 102-орында тұрған теннисшіден 4:6, 6:3, 3:6 есебімен жеңілді. 

Сөйтіп, Қазақстан Чили құрамасынан 1:3 есебімен жеңіліс тауып, Дэвис Кубогының финалдық кезеңіне өте алған жоқ. Қазақстанның іріктеуде қол жеткізген жалғыз жеңісі ұлттық құрама сапында дебют жасаған Тимофей Скатовқа тиесілі. Ал Александр Бублик екі матчта да жеңіліс тапты. Жұптыш сындағы Александр Недовесов пен Андрей Голубевтің де бұл жолы бағы жанған жоқ.