Әділ Бекетаев аптаның үздік сейвтерінің бірін жасады

Әділ Бекетаев аптаның үздік сейвтерінің бірін жасады
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайты тұрақты чемпионаттың 21-аптасындағы үздік сейвтер тізімін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Өткен жұманың үздік сейвтері тізімінің алтыншы орнына “Барыс” қорғаушысы Әділ Бекетаев тұрақтады. Мәскеулік “Динамоға” қарсы болған кездесуде Юлиус Гудачек қақпа алаңынан алға қарай шығып кеткен. Қараусыз қалған қақпадағы голкипердің орнын Әділ Бекетаев басып, ол Богдан Тринеевтің соққысын кері қайтарған.