Айбол Әбікеннің допинг жазасы жеңілдетілетін болды
Футбол
Айбол Әбікеннің допинг жазасы жеңілдетілетін болды. Бұл туралы BasSport.kz "СпортРадар" Telegram арнасына сілтеме жасай отырып, хабарлайды.
"УЕФА Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы (әдейі "экс" сөзін қолданбай отырмын) Айбол Әбікеннің антидопингтік ережелерді бұзғаны үшін берілген жазасын екі есеге қысқартты. Кәсіби футболдан төрт жыл шеттетілген спортшы оның тек екеуін өтейді. Әбікен жаза мерзімінің бір жылын өтеп болғанын есепке алса, ол 2024 жылғы маусымда алаңға қайта оралуы мүмкін. Айболдың бұрынғы деңгейіне қайта оралып, ойынымен қуантады дегенге сенгім келеді", - деп жазылған хабарламада.
2022 жылы Айбол Әбікен допинг қолданғаны үшін төрт жылдық дисквалификация алып, өткен маусымды Медиа лигада өнер көрсететін "SD Family" сапында аяқтаған болатын.