Скатов Чилидегі турнирдің финалына бір қадам жақындады
Теннис
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Чилидің Консепсьон қаласында топырақ төсеніште өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің ширек финалын сәтті аяқтап, финалға бір табан жақындай түсті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Тимофей Скатов 1/4 финалда әлемнің 102-ракеткасы, корт иесі Алехандро Табиломен кездесіп, үш сет қорытындысында 6:4, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы 5 эйс жасап, 3 қосарланған қателік жіберіп, 6 брейк-пойнтты жүзеге асырған матч екі жарым сағатқа жалғасты.
Турнирдің ақтық сынына өту үшін Тимофей Скатов аргентиналық теннисші Факундо Диас Акостамен (203 АТР) шеберлік байқасады.