Андрей Скабелка Вей мен Савицкийдің айдынға қашан оралатынын айтты
Хоккей
“Барыс” - “Трактор” матчынан кейін (4:3) астаналық клубтың бас бапкері ойынды қорытындылап, жаңадан жасақталған сан басымдығы құрамы туралы айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
- Қиын матч. Алдымен, командаға алғыс айтқым келеді. Күнтізбе күрделі. Көбірек шабуылда ойнап, шайбаны өз бақылауымызда ұстағымыз келеді, алайда командамызда жас ойыншылар көп, сондықтан кейбір сәттер осңына дейін жетпей қалып жатады. Бүгін команда мінез көрсетті, барын салып өнер көрсетті. Әрине, жанкүйерлерк еремет қолдау көрсетті. Көп рақмет! «Динамомен» болар ойынға дайындаламыз.
- Савицкий мен Вей жаттығуларға қайта кірісті, олар айдынға қашан оралады?
- Вейдің толық айығуына әлі де уақыт керек. Савицкий «Динамомен» кездесуде ойнап қалуы мүмкін.
- Олардың командадағы орны сезіле ме?
- Әрине, олар тәжірибелі ойыншылар, әсіресе Линден. Ол кубокқа қол жеткізудің жолын біледі. Бізге осындай ойыншылар жетіспейді. Әрдайым бұл көп матчқа қатыса бермейтіндерге және аз ойын уақытын алып жүрмін деп есептейтіндерге берілген жақсы мүмкіндік деп айтамын. Жігіттер жарап тұр. Өздерін дәлелдеп, көрсетуге тырысып жүр.
- Жақында ғана сан басымдығында ойнайтын Луис – Бракко – Шестаков - Борисевич – Грант арнайы бестігі пайда болды. Қазір команданың артық құрамдағы ойынына қандай баға бересіз?
- Бүгінгі матчтан кейін, сан басымдығына баға берудің қажеті жоқ болар, екі мүмкіндіктің екеуін де жүзеге асырдық. Бұл бестік өткен ойында ғана жасақталды. Өкінішке қарай, бірде-бір рет артық құрамда ойнаған жоқпыз. Сагадеев пен Борисевичтің үштіктері жақсы үйлесім тауып жүр. Сондықтан оларға бір шабуылшыдан қосқан дұрыс деп ұйғардық.