"Барыстың" экс-қақпашысы жаңа келісімшарты үшін 100 млн рубль сұрап отыр

Хоккей

Магнитогорскілік "Металлург" пен канадалық қақпашы Эдди Паскуаленің агенті Алеша Пилко келісімшартты ұзарту туралы келіссөздерді бастады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Спорт-Экспресс" басылымына сілтеме жасап. 

Қақпашы жаңа келісімшарты бойынша маусымдық жалақысы 100 млн рубль болуын сұраған. Оның "Металлургтегі" қазіргі жалақысы бір маусымға 62 млн рубль көрінеді. егер екі тарап ортақ бір шешімге келе алмаса, 1 мамырдан бастап Эдди Паскуале бос агент атанады. 

Канадалық қақпашы  2019 жылдан бері Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп келеді. Паскуале бір маусым "Барыста", екі маусым "Локомотив" сапында өнер көрсетті. Биылдан бастап "Металлург" намысын қорғай бастаған ойыншы осы маусымда 42 матч өткізіп, оның 21-інде жеңіске қол жеткізген.