”Барыс” “Северстальмен” сынға түседі

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында астаналық “Барыс” өз айдынындағы кезекті матчтар сериясын “Северстальға” қарсы ойынмен бастайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Сырт айдындағы үш матчтан алуға болатын 6 ұпайдың бесеуін қанжығасын байлап қайтқан “Барыс” Шығыс конференциясы турнирлік кестесінде 10-орында тұр. Соңғы матчта елордалық ұжым магнитогорскілік “Металлургтен” овертаймда 1:2 есебімен жеңілді.
Ал “Северсталь” соңғы рет минскілік “Динамомен” жолығып, 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Команда Батыс конференциясының үздік сегіздігіне енбей тұр - 9-орын.
Olimрbet бұл матчта "Барыс" жеңеді дегенге 1.8, "Северстальға" 2 коэффицент ұсынып отыр. Матч Астана уақытымен 19:30-да басталады. BasSport.kz сайты әдеттегідей матчың тікелей көрсетілімін ұсынады.