Скабелка ҚХЛ бас бапкерлері рейтингінде бес сатыға жоғарылады

Скабелка ҚХЛ бас бапкерлері рейтингінде бес сатыға жоғарылады
Хоккей

"Чемпионат.com" сайты Құрлықтық хоккей лигасы бас бапкерлерінің жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл рейтингті жасау кезінде есепке команданың биылғы маусымдағы нәтижесі, ойын сапасы мен қоғамдық пікір есепке алынады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Барыстың" бас бапкері Андрей Скабелка бір жұма ішінде 5 сатыға жоғарылап, 16-орынға тұрақтады. Өткен аптада астаналық клуб 3 матч өткізіпі, оның екеуінде ("Трактор" - 3:2 ОТ, "Автомобилист" - 5:3) жеңіске қол жеткізген. Толық тізім:

1. Андрей Мартемьянов, "Сібір"

2. Алексей Кудашов, "Динамо Мәскеу"

3. Зинэтула Билялетдинов, "Ақ Барс"

4. Сергей Федоров, "ЦСКА"

5. Роман Ротенберг, "СКА"

6. Игорь Ларионов, "Торпедо"

7. Михаил Кравец, "Авангард"

8. Вячеслав Буцаев, "Витязь"

9. Олег Леонтьев, "Нефтехимик"

10. Вадим Епанцинцев, "Амур"

11. Игорь Никитин, "Локомотив"

12. Леонид Тамбиев, "Адмирал" 

13. Илья Воробьев, "Металлург"

14. Николай Заварухин, "Автомобилист"

15. Виктор Козлов, "Салават Юлаев"

16. Андрей Скабелка, "Барыс"

17. Игорь Гришин, "Спартак"

18. Андрей Разин, "Северсталь"

19. Крэйг Вудкрофт, "Динамо Минск"

20. Анвар Гатиятуллин, "Трактор"

21. Грег Айрленд, "Куньлунь Ред Стар"

22. Дмитрий Кокорев, "Сочи"