"Барыс" қақпашысы Лигадағы жүзінші жеңісіне қол жеткізді

Хоккей

"Барыстың" словакиялық қақпашысы Юлиус Гудачек Құрлықтық хоккей лигасындағы жүзінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл туралы астаналық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Кеше елордалық ұжым сырт айдында "Автомобилистпен" кездесіп, 3:5 есебімен жеңіске жетті. Осы матчта "Барыстың" қақпасын күзеткен Юлиус Гудачек Құрлықтық хоккей лигасындағы жүзінші жеңісіне қол жеткізді. Ол Лиганың 246 матчында қақпа қорғап, 14 мың минут ойын уақытын алған. 14 рет "құрғақ" жеңіске қол жеткізіп, 9 нәтижелі пас берген. Юлиус Гудачек "Барыс" сапын биылғы маусым барысында толықтырды (33 матч, 14 жеңіс СК - 2,33).