Марин Томасовтың “Астанадағы” тағдыры шешілді

Марин Томасовтың “Астанадағы” тағдыры шешілді
Футбол

“Астана” футбол клубының шабуылшысы Марин Томасов командамен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы астаналық клубтың баспасөз орталығы мәлімдеді. 

Хорватиялық шабуылшымен жасалған жаңа келісімшарт бір жылға шақталған.

Марин Томасов алты жыл бойы “Астананың” намысын қорғап келеді. Ол клуб сапында 190 матч өткізіп, 90 гол соғып, 75 нәтижелі пас берген. Ол - клуб тарихындағы ең нәтижелі ойыншы.