"Барыс" бүгін "Автомобилистпен" сынға түседі
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында "Барыс" сырт айдындағы матчтар сериясын Екатеринбургте жалғап, бүгін жергілікті "Автомобилистпен" сынға түседі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Комнадалар бұған дейін өзара бес кездесу өткізді, оның үшеуінде "Автомобилист" жеңіске жетсе, екеуі "Барыс" пайдасына шешілді.
Өткен ойында "Барыс" Челябіде "Трактормен" кездесіп, овертаймда 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал астаналық команданың бүгінгі қарсыласы мәскеулік "Динамодан" айласын асыра алмай, 0:3 есебімен жеңілген.
Шығыс конференциясында "Барыс" қазір 50 ұпаймен 10-орында тұр, ал "Автомобилист" 68 ұпаймен екінші орында келеді.
Olimрbet бұл матчта "Автомобилист" жеңеді дегенге 1.42, "Барысқа" 2.84 коэффицент ұсынып отыр. Матч Астана уақытымен 17:30-да басталады. Оның тікелей көрсетілімі BasSport.kz сайтының “Трансляциялар” бөлімінде қолжетімді екенін еске салып өтеміз.