Кілемге қайта оралған Эльмира Сыздықова жеңіске жетіп үлгерді

Кілемге қайта оралған Эльмира Сыздықова жеңіске жетіп үлгерді
Жекпе-жек

Боз кілемге қайта оралған әйелдер күресінен Рио Олимпиадасының қоал жүлдегері Элмира Сыздықова үзілістен кейінгі алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.  

Францияның Ницце қаласында өтіп жатқан Анри Дегланді еске алуға арналған грек-рим, еркін және әйелдер күресінен дәстүрлі халықаралық турнирінде қазақстандық боз кілем шебері 76 келіде бақ сынап, финалда канадалық Жюстина Стасионы ұтып, беделді жарыстың чемпионы атанды. 

Еске салайық, Эльмира Сыздықова ауыр жарақатынан айығып, үлкен спортқа қайта оралды.