Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына өте алған жоқ

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына өте алған жоқ
Теннис

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Бхопал қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалына өте алған жоқ, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жібек Құламбаева хард корттағы турнирдің екінші айналымы, 1/8 финалда ресейлік спортшы Валерия Савиныхпен кездесіп, 4:6, 1:6 есебімен жеңіліс тапты. 

Жарыстың бірінші кезеңінде қазақстандық спортшы словениялық Зива Фалкнерді тізе бүктірген. 

Бүгінде Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте 483-орында, ал оның бүгін қарсыласы болған Валерия Савиных 245-орында тұрғанын айта кетейік.