Рафаэль Надаль ойда жоқта америкалық қарсыласынан ұтылып қалды

Рафаэль Надаль ойда жоқта америкалық қарсыласынан ұтылып қалды
Теннис

Теннистен Аустралияның ашық чемпионатының екінші айналымы аясында испаниялық Рафаэль Надаль мен америкалық Маккензи Макдональд арасында кездесу аяқталып, былтырғы Australian Open чемпионының күтпеген жерден жеңіліс табуымен аяқталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Испаниялық теннисші үш сетте бірде-бір ерт жеңіске жете алмай, әлемнің 63-ракеткасына 0:3 есебімен ұтылды. Бірініш сет америкалық теннисшінің пайдасына 6:4 есебімен шешілді. Екінші партияда да осы есеп қайталанса, үшінші сет 7.5 есебімен аяқталды. 

Еске салайық, бірінші кезеңде Рафаэль Надаль ұлыбританиялық Джек Дрэйперден 7:5, 2:6, 6:4, 6:1 есебімен басым түскен. Ал Макдональд болса, отандасы Брэндон Накашиманы бес сет қорытындысында жеңген болатын. Өткен жылы Рафаэль Надаль Australian Open финалында ресейлік Даниил Медведевті жеңіп, чемпион атанған еді.