Пирс Морган: “Эрик тен Хаг Роналдудан әлі-ақ тізерлеп тұрып кешірім сұрайды”
Футбол
Журналист Пирс Морган Ағылшын Премьер-Лигасының 21-тур ойындары аясында кездесетін “Арсенал” және “Манчсетер Юнайтед” командалары арасында өтетін матч, сондай-ақ Роналдудың АПЛ-нан кетуі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі “TalkSPORT” сайтына сілтеме жасап.
“Жексенбі күні “Арсенал” сенімдә жеңіске қол жеткізіп, дүниенің ең ұлы футболшысымен келісімшартты бұзуды керемет идея санағандарын естеріне саламын деп ойлаймын. Жаңа “Манчестер Юнайтедтен” Роналдудың өткен маусымда соққан голдар санын қайталай алатын футболшы табыла ма?
Лига чемпионы атанғанымызда, Эрик тен Хаг менен және Криштиану Роналдудан көрсеткен құрметсіздігі үшін тізерлеп кешірім сұрайды”, - деді Пирс Морган.
Еске салайық, Роналду Пирс Морганға берген даулы сұхбатынан кейін қараша айында “Манчестер Юнайтедпен” келісімшартын бұзған болатын.