Әділ Бекетаев ҚХЛ-дағы елуінші матчын өткізіп үлгерді

Әділ Бекетаев ҚХЛ-дағы елуінші матчын өткізіп үлгерді
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасында алғашқы толық маусымын өткізіп, сенімді өнер көрсетіп жүрген астаналық “Барыстың” жас қорғаушылпрвнвң бірі Әділ Бекетаев Лигадағв елуінші матчын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Дүйсенбіде “Сибирьге” қарсы болған матчта жаңа көрсеткішке қол жеткізген Қазақстан ұлттық құрамасы қорғаушысының еншісінде 3 шайба, 12 нәтижелі пас, 44 кү шт ік әдіс пен 65 бұғатталған соққы бар. Ол орта есеппен 18 минут 13 секунд ойын уақытын алып жүр. 

Еске салайық, “Барыс” “Сибирьден” 1:2 есебімен ұтылып, қатарынан төртінші рет жеңіліс тапқан.