Ауыл балалары футболын қолдап жүрген жемісті жобаға 3 жыл толды

Ауыл балалары футболын қолдап жүрген жемісті жобаға 3 жыл толды
Футбол

Ауыл балаларының футболын дамытуды мақсат тұта отырып, өз жолын бастаған "Ауыл Футбол" қайырымдылық жобасына биыл 3 жыл толды. 2020 жылдың қаңтарында журналист Серік Мәмбетовтің бастамасымен жүзеге асырыла бастаған жоба 36 айдың ішінде бірқатар ауқымды шараларды жүзеге асырып үлгерді. BasSport.kz үш жыл он екі айдың қорытындысын жасап көрді. 

Еліміздің бірнеше ауылында футбол клубтары құрылды. Атап айтсақ, Райымбек ауылында (Алматы облысы, Қарасай ауданы) "RedSapsans", Төребай ауылында (Қызылорда облысы) футбол командалары өз жұмысын бастады. Ауылдардың балалар ұжымдарын қолдау бағдарламасы іске қосылып, бірқатар демеушілер жобаға қолдауға көрсете бастады. Қайырымдылық жобасы үш жылда 70-ке жуық балалар командасына доп, жаттығуға қажетті жабдықтар және формамен көмек көрсетіп үлгерді.

"Ауыл Футбол" қайырымдылық жобасы аясында 30-дан астам турнир, оның ішінде бесеуі республикалық деңгейде өткізілді. Сондай-ақ, бапкерлер үшін жиырмадан астам турнир өтті. Әр екі жыл сайын өтетін "Футбол демалысы" өткізіліп, оның бағдарламасына турнирлер, мәдени-танымдық іс-шаралар енгізілді. Ауылдардың ересек тұрғындарын футболға белсенді тарту мақсатында "Футбол Жаңа отбасы" бағдарламасы іске қосылды. Қайырымдылық жобасына қатысушы командалар халықаралық және республикалық турнирлердің жеңімпазы атанып, жүлдегерлері қатарынан көрініп жүр. Мәселен, "Aqshukyr" командасы -  LLF бойынша Қазақстан чемпионы.

Жоба күн санап дамып келеді, алдағы уақытта жоба жеке "Ауыл футбол лигасын"құрып, "Ауыл футбол" ашық кубогын өткізу, облыстық спорт басқармаларымен бірлесіп түрлі жарыстар өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, демеушілердің көмегімен балалар командаларына қолдау көрсету көлемін арттыру мен ұжымдарды халықаралық жарыстарға жіберу мәселелері қарастырылып жатыр.