"Барыс" шабуылшысы жарақат алып қалды

Хоккей
Құрлықтқы хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық "Барыстың" шабуылшысы Кирилл Савицкий жарақат алғандар тізіміне енгізілді. Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Сырт айдында «Амурға» қарсы өткен екі матчтың алғашқысында Кирилл Савицкий жарақат алған болатын. Қосымша медициналық тексерістен соң, «Барыс» шабуылшысы жарақат алғандар тізіміне енгізілді. Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында Савицкий 45 матчқа қатысып, 14 (8+6) ұпай еншіледі", - деп жазылған клубтың ресми мәлімдемесінде.
Еске салайық, "Барыс" бүгін кешке өз айдынында "Сибирьді" қабылдайды.