Қазақстандық жас теннисшілер ITF-тегі оныншы титулына қол жеткізді
Теннис
Үндістан астанасы Делиде 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында екінші санаттағы J200 DEHLI турнирі өз мәресіне жетіп, қазақстандық жұп тұғыр биігінен көрінді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Айя Нүпбай мен Асылжан Арыстанбекова дуэті турнирдің финалдық матчында Тайланд спортшыларын 6:3, 6;2 есебімен жеңіп, ITF-тегі оныншы титулына қол жеткізді.
"Жыл басындағы турнирде жеңіске жету әрдайым жақсы әсер сыйлайды. Өзімнің бүгін көрсеткен өнеріме көңілім толады, әрі қарай да осы қалпымды сақтап қаламын деп үміттенемін. Жұбым асылжанға рақмет, турнирде күрделі матчтар болады, алайда екеуміз бірге барлық қиындықтарға қарсы тұрдық", - деді Айя Нүпбай.
Оның әріптесі Асылжан Арыстанбекова турнирге келесідей қорытынды жасады:
"Бұл жеңістің біз үшін маңызы зор, өйткені Айя екеуміз мансабымыздағы оныншы титулымызға қол жеткіздік. Жаңа маусымның басында чемпион атану өзге жарыстарға да әсер етеді".
Еске салайық, былтыр қазақстандық жұп ITF Juniors санатындағы жеті додада топ жарған еді.