Оливье Жиру "Миланмен" келісімшартын ұзартқысы келіп отыр
Франция ұлттық құрамасы мен "Милан" шабуылшысы Оливье Жиру италиялық клубпен келісімшартын 2025 жылға дейін ұзартқысы келіп отыр. Бұл туралы инсайдер Николо Скира өзінің "Twitter" парақшасында жазды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Жақын бірнеше аптада "Милан" басшылығы мен Оливье Жиру агенті ойыншының келісімшарты жөнінде кездесу өткізеді. Екі тарап та келісімнің ұзарғанын қалап отыр. Жаңа келісімшарт бойынша франциялық футболшының маусымдық жалақысы 4 млн еуро болуы мүмкін. Шабуылшының өзі келісімшартын 2025 жылға дейін ұзартуды қалап отыр", - деп жазды Николо Скира.
36 жастағы футболшы 2021 жылдан бері "Милан" намысын қорғап келеді. Франциялық спортшы клубпен бірге 2021-2022 жылдар маусымында Италия чемпионы атанды. Жиру команда сапында 60 матчқа қатысып, 23 гол мен 9 нәтижелі пастың авторы атанған.