Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Минскідегі халықаралық додаға қатысады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Минскідегі халықаралық додаға қатысады
Футбол

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 5-11 ақпан аралығында Минскіде (Беларусь) өтетін "Даму Кубогы" халықаралық турнирінде ойнайды, деп хабарлайды  Bassport.kz. 


Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынының басталуы 27 қаңтарда Астана қаласында жоспарланған.


Трофей үшін сегіз құрама таласатын болады: Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Иран, Беларусь (барлығы – U-17), сондай-ақ 16 жасқа дейінгі Беларусь және Ресей құрамалары.


Командалар екі топқа бөлінеді. «А» тобында біздің команда Беларусь, Өзбекстан және Ресей U-16 құрамаларымен ойнайды. «В» тобы Беларусь U-16, Ресей, Тәжікстан және Иран командаларынан тұрады.


Даму Кубогы-2023 матчтарының кестесі (Астана уақытымен):


5 ақпан (жексенбі)


13:30. Қазақстан – Ресей U-16

15:50. Ресей – Тәжікстан

18:10. Беларусь U-16 – Иран

21:00. Беларусь – Өзбекстан


7 ақпан (сейсенбі)

14:00. Қазақстан – Өзбекстан

16:20. Ресей – Иран

18:40. Беларусь U-16 – Тәжікстан

21:00. Беларусь – Ресей U-16


9 ақпан (бейсенбі)


14:00. Ресей U-16 – Өзбекстан

16:20. Тәжікстан – Иран

18:40. Беларусь U-16 – Ресей

21:00. Беларусь – Қазақстан 


11 ақпан (сенбі)


13:00. «А» тобының төртінші орны – «В» тобының төртінші орны

15:20. «А» тобының үшінші орны – «В» тобының үшінші орны

17:40. «А» тобының екінші орны – «В» тобының екінші орны

20:00. «А» тобының жеңімпазы – «В» тобының жеңімпазы.