Кукушкин мен Скатов Australian Open-де ел намысын қорғай алмайтын болды

Кукушкин мен Скатов Australian Open-де ел намысын қорғай алмайтын болды
Теннис

Бұл күндері 16-29 қаңтар аралығында өтетін Australian Open-2023 турнирінің іріктеу сайыстары өтіп, онда екі спортшымыз бақ сынап жатқан еді. Алайда олардың екеуі де іріктеу кезеңінен әрі аса алған жоқ, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Іріктеу кезеңінің жартылай финалында Чили елінің теннисшісі Николос Ярримен кездесіп, үш сет қорытындысында 1:2 есебімен (6:4, 5:7, 1:6) жеңіліс тапты. 

Екінші айналымда тағы бір қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин жапониялық Йосуке Ватанукимен кездесіп, ол да жарыстың негізгі кезеңіне өте алған жоқ. Кукушкин үш сет ойнап,  қарсыласынан 4:6, 7:6, 6:3 есебімен жеңілді. 

Осылайша, Australian Open-2023 турнирінің жекелей сынында тек үш отандасымыз бақ сынайтын болды. Маусымның алғашқы “Үлкен дулыға” жарысында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар тізімімен осы жерден таныса аласыздар.