Пирс Морган Роналдудың "Әл-Насрға" ауысуына қатысты баға берді
Футбол
Криштиану Роналдудың "Манчестер Юнайтед" туралы даулы сұхбат беретін журналисі Пирс Морган португалиялық футболшының саудиялық "Әл-Насрға" ауысуына қатысты баға берді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Жаңалықтарды соңғы рет қарағанымда, Роналду футбол тарихындағы ең қымбат келсімшартқа қол қойып, 38 жасында әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшыға айналған. Сонымен қатар, ол Катардағы доп додасында әлем чемпионы - Аргентина құрамасын жеңуге қауқары жеткен жалғыз елдің командасында өнер көрсететін болды. "Мансабын аяқтады" деген осы шығар", - деп жазды Пирс Морган өзінің Twitter парақшасында.