Покер жасаған алғашқы қорғаушы атану - керемет сезім - Алекс Грант

Покер жасаған алғашқы қорғаушы атану - керемет сезім - Алекс Грант
Хоккей

“Адмирал” - “Барыс” матчында (1:5) бір матчта екі кезең ішінде төрт шайба соға алған Құрлықтық хоккей лигасындағы үшінші ойыншы, ал покер жасаған бірінші қорғаушы атанған Алекс Грант сұхбат берді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі “Барыс” ХК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- Алекс, бүгін Лига рекордының иесі атандың , қандай сезімдесің?

- Кішкене қызық әрі керемет сезім. Осыншама жыл ішінде біршама хоккейші өнер көрсетті, әйтсе де бір матчта төрт шайба соққан алғашқы қорғаушы атану – жақсы дүние. Бір жақсы нәрсені алғашқылардың бірі болып жасау әрдайым ерекше әсер сыйлайды. Балаларымның қуанышында шек болмайды.

- Бірнеше ойын бұрын капитан ассистенті атандың. Бұл қосымша жігер сыйлады ма ?

- Өз ойынымда бір нәрсе өзгертуге тырысқан жоқпын.Командада көшбасшы ойыншы көп . Әрине, кеудеңдегі жазу – мәртебе және онымен өнер көрсетуде жақсы әсер сыйлайды, бірақ мен өз ойынымды ойнауды жалғастырып келемін. Әрдайым команда үшін пайдамды тигізуге тырысамын.

- Бүгін артық құрамдағы ойын кезінде әдеттегіден өзгеше позицияда ойнадың. Бұл бапкерлер тапсырмасы ма?

- Бұл туралы бапкерлер таңертең айтты. Соңғы уақытта сан басымдығын дүрыс жүзеге асыра алмай жүрміз, мүмкіндік көп – жүзеге асырылғаны аз. Тек әрекет етуді жалғастыру қажет болды, бүгін бәрі жүзеге асты. Десе де, жұмысты жалғастыра беру керек, оңай көрінгенімен, өте күрделі жұмыс.

- Джереми Бракко бүгін үш нәтижелі пас берді. Жеңістің маңызды бөлігі ме?

- Сан басымдығындағы ойын кезінде бұл аймақтан соққы жасау аса қауіпті екенін бәрі біледі. Бүгін бәрі үлкен жұмыс атқарып, айдыннан бос орын тауып, соққы жасау үшін осы сызықты іздеді. Кейде мұны жасау қолымызда келсе, кейде ойымыз жүзеге асқан жоқ.

- Осындай тарихи жетістікке қол жеткізгеніңе қарамастан, өз голдарыңда көп эмоция көрсетпедің.

- Күрделі матч болып, эмоция көрсету керектігін сезінген де жоқпын. Қазір ойын көп әрі бәрі күрделі. Бірақ матчтан кейін эмоция мен әсер тым бөлек. Шайбалардың қақпа торынан табылғанына, жеңіске жеткенімізге қуаныштымын әрі кеудемді мақтаныш сезімі кернеп тұр.