"Манчестер Юнайтед" "Әл-Насрдың" шабуылшысын жалға алмақ

Футбол

Саудиялық "Әл-Наср" футбол клубының шабуылшысы Венсан Абубакар жақын уақытта "Манчестер Юнайтедтің" немесе "Фенербахченің" ойыншысы атануы мүмкін. Екі клубта 30 жастағы футболшыны жалға алуға келіскен, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "OKAZ" басылымына сілтеме жасап. 

Бұған дейін "Әл-Насрдың" камерундық шабуылшысының клубпен келісімшартын бұзғаны туралы ақпарат жарияланған. Өйткені, командаға Криштиану Роналдуды тіркеу үшін бос легионерлік орын қажет болған. 

Венсан Абубакар биылғы маусымның 12 матчына қатысып, 4 голдың авторы атанып, 2 нәтижелі пас берген. Оның "Әл-Насрмен" жасасқан келісмішарты 2024 жылға дейін шақталған. Бұған дейін Абубакар "Бесікташ", "Порту" және "Лорьян" командаларында өнер көрсеткен.