Алекс Грант ҚХЛ бірегей рекордының иесі атанды
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында Владивостокта өтіп жатқан "Барыс пен "Адмирал" арасындағы алғашқы кездесуде астаналық клубтың қорғаушы Алекс Грант покер жасады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Алекс Грант "Барыс" тарихында покер жасаған екінші хоккейші, бір матчта төрт шайба соққан Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы қорғаныс ойыншысы атанып отыр. Бұған дейін "Барыс" сапында Найджел Доус 2013 жылы 22 ақпанда "Тракторға" қарсы өткен матчта покер авторы атанған.
Сондай-ақ, елордалық клубтың 51-нөмірлі жейдедегі қорғаныс ойыншысы бір матчта төрт шайба соғу үшін екі кезеңді қажет еткен Лигадағаы үшінші ойыншы атанды. Оның алдында Максим Якуценя мен Найджел Доус осы жетістікке қол жеткізген болатын.
Айта кетелік, қазір "Адмирал" - "Барыс" матчының үшінші кезеңі жүріп жатыр. Есеп елордалық ұжымның пайдасына - 1:5. Команданың бесінші голын шабуылшы Егор Петухов соқты.