“Қайраттың” экс-ойыншысы Украина президентінің санкциясына ілікті
Футбол
Украина президенті Владимир Зеленский 119 адамға қатысты санкция мен шектеу шаралары енгізілген жарлыққа қол қойды. Оның ішінде алматылық "Қайраттың" экс-футболшысы Анатолий Тимощук те бар, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Қазір "Зениттің" бас бапкері қызметін атқарып жүрген 43 жастағы маманның барлық есепшоттары бұғатталып, Украина аймағында ұшуына тыйым салынған. Сонымен қатар, барлық мемлекеттік наградалары мен өзге де сыйлықтарынан айырылды.
Айта кетейік, Анатолий Тимощук Украина ұлттық құрамасының сапында 144 матч өткізген. 2015-2016 жылдары ол "Қайрат" сапында өнер көрсетті. Ал 2017 жылдың ақпанында кәсіби мансабын аяқтап, "Зениттің" бапкерлер құрамына кірген болатын.