Гудачектің сэйві үздіктер қатарынан табылды

Гудачектің сэйві үздіктер қатарынан табылды
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайты тұрақты маусымның өткен жарыс аптасындағы үздік сэйвтер тізімін жариялады. Бұл қатарға "Барыс" қақпашысы Юлиус Гудачектің өз қақпасын қорғап қалған сәті де енді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Астаналық клуб қақпашысы Юлиус Гудачектің "Сибирьге" қарсы болған матчта жасаған сэйві 10-орыннан көрінді. 

Еске салайық, бұл матчта "Барыс" новосібірлік команданы 1:2 есебімен жеңіп кеткен.