Тәртіптің жоқтығынан жеңіліс таптық - Андрей Скабелка
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аяясында "Барыс" пен "Амур" арасында өткен екінші матчтан кейін астаналық команданың бас бапкері Андрей Скабелка ойын туралы ойымен бөлісіп, клубтың қатарынан екі рет жеңіліс табуының себебін айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Бүгінгі матчта көп күш жұмсадық. Тағар мінім мен артық сұрағым жоқ. Тәртіптің жоқтығынан екінші матчта да жеңіліс таптық. Кешегі ойында айып уақыттары жеңіске жетуге жол бермеген. Бүгін команда 7 рет айдыннан қуылды – бұл тым көп. Оған қоса, Аликин де сенімді ойнады, одан айламызды асыра алған жоқпыз. Біздің қақпа алдында жасаған барлық мүмкіндігімізді ол нәтижесіз қалдырды. Келесі ойындарға дайындаламыз", - деді Андрей Скабелка.
"Барыс" сырт айдындағы ойындар сериясын "Адмиралмен" болар матчтармен жалғайды. Команда 8 және 9 қаңтар күндері Владивостокта өнер көрсетеді.