Александер Чеферин тағы да УЕФА президенті болып сайланады

Александер Чеферин тағы да УЕФА президенті болып сайланады
Футбол

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) қазіргі президенті Александр Чеферин ұйымның жаңа басшысы анықталатын сайлауға жалғыз өзі қатыспақ. Ал ФИФА вице-президенті лауазымына екі адам үміткер болып отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Сайлауға үміткерлерді тіркеуге берілген уақыт 2023 жылдың 5 қаңтарында аяқталып, УЕФА президенті мен ФИФА вице-президенті (Еуропадан) лауазымдарына үміткерлер ретінде келесі жандар тіркелді, олар Португалияның Лиссабон қаласында 5 сәуір күні өтетін УЕФА-ның 47-конгресінде сайланады:

УЕФА президенті лауазымына үміткер: Александер Чеферин (Словения). 

ФИФА вице-президенті лауазымына үміткерлер: 

1. Шандор Чаньи (Венгрия) - қазіргі ФИФА вице-президенті.

2. Ари Лахти (Финляндия)

УЕФА президенті де, ФИФА вице-президенттері де төрт жылға сайланады. Ал Александер Чеферин 2016 жылдан бері УЕФА президенті қызметін атқарып келеді.