Мария Агапова октагонға оралуға әзір екенін мәлімдеді

Мария Агапова октагонға оралуға әзір екенін мәлімдеді
Жекпе-жек

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Мария Агапова жарақатынан айығу процесі қалай жүріп жатқанын айтып, октагонға оралуға әзір екенін жеткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Отадан кейін 3 ай өтті. Күн сайын оңалту шаралары мен ММА жаттығуларына барып жүрмін. Онда әдіс-тәсілдерді меңгеріп, бұлшық еттерімді жаттықтырып жүрмін. Келесі жекпе-жек күні мен қарсыласымды білмеймін, алайда октагонға шығуға әзірмін", - деп жазды 25 жастағы спортшы өзінің Instagram парақшасында. 

Әлемнің жетекші ММА лигасында Мария Агапова 5 жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде жеңіске жетіп, үшеуінде қарсыластарына есе жіберді. Соңғы рет спортшы 2022 жылдың 17 қыркүйегінде канадалық Джиллиан Робертсонмен кездесіп, жеңіліс тапқан.