Канада екінші рет қатарынан әлем чемпионы атанды

Канада екінші рет қатарынан әлем чемпионы атанды
Хоккей

Канадада 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы 47-әлем чемпионаты өз мәресіне жетіп, жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Финалда Канада мен Чехия құрамалары өнер көрсетіп, жеңімпаз қосымша периодта анықталды. Алғашқы екі кезеңде канадалық Дилан Гюнтер мен Шейн Райттың соққан шайбалары айдын иелерін алға шығарған. Әйтсе де, үшінші жиырма минуттықта Иржи Кулих пен Якуб Косаның көмегімен Чехия есепті теңестіре алды. Ал овертаймның 7-минутында Дилан Гюнтер дубль жасап, Канада екінші рет қатарынан әлем чемпионы атанды. Чехия болса, 2005 жылдан бері әлем біріншілігінің медалін иеленіп отыр. 

Қола жүлде үшін болған таласта АҚШ пен Швеция құрамалары сынға түсіп, мұнда да жеңімпаз овертаймда анықталды. Тағы бір айта кетерлігі, бұл матчта екі команда жалпы 15 шайба соққан. Нәтижесінде, 8:7 есебімен АҚШ құрамасы швециялықтардан басым түсіп, әлем чемпионатының қоласын иеленді.