Жанкүйерлер аргентиналық футболшы Альваресті сүйіктісінен ажырата жаздады
Футбол
Бір топ жанкүйерлер Аргентина ұлттық құрамасы мен "Манчестер Сити" клубының шабуылшысы Хулиан Альваресті сүйіктісінен айырылуға шақырып отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Аргентина құрама командасының өз жерінде Катардағы әлем чемпионатындағы жеңісін тойлап жатқан кезде, шабуылшының сүйіктісі Эмилия Ферреро бір топ жанкүйерге Альвареспен суретке түсуге мүмкіндік бермеген.
Осыдан кейін жанкүйерлер Альваресті төрт жыл бойы бірге болған сүйіктісінен айырылысуға шақыратын онлайн петиция ашқан. Бүгінде 20 мыңнан астам жанкүйерге осы петицияны қолдап, қол қойған.
Катардағы доп додасында 22 жастағы футболшы 4 гол соғып, командасының тарихта үшінші рет әлем чемпионы атануына көмектесті.