22 жылда тұңғыш рет Чехия финалда бақ сынайды
26 желтоқсан - 5 қаңтар күндері Канадада шайбалы хоккейден жастар арасындағы (U-20) әлем чемпионаты (элиталық дивизион) өтіп жатыр. Кеше финалда бақ сынайтын командалар белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Әлем біріншілігінің жартылай финалында Чехия Швецияны овертаймда 2:1 есебімен жеңіп кетті. Осылайша, Чехия құрамасы 2001 жылдан бері тұңғыш рет жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында ойнайды.
Сондай-ақ, 2005 жылдан бері бірінші рет топ дивизиондағы әлем біріншілігінің медалін еншіленеді. Чехия 2001 жылы финалда Финляндияны жеңіп, чемпион атанған. Ал 2005 жылы құрамаға топ дивизиондағы әлем чемпионатының қола жүлдесі бұйырған.
Чехия құрамасының финалдағы қарсыласы АҚШ пен Канада командалары арасындағы матчта анықталып, жарыс иелері қатарынан төртінші рет финалға шығып отыр. Үйеңкі жапырақ елі өкілдері АҚШ-ты 2:6 есебімен жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалуға мүмкіндік алды.
Ал жастар арасындағы топ-дивизиондағы әлем чемпионатының жеңімпазы бүгін анықталады.