"Барыстың" жаңа ойыншысы матч үздігі атанды

Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы "Барыс" - "Металлург" матчының (3:2) жұлдыздарын анықтады. Астаналық клубтың жаңа ойыншысы Александр Борисевич үздік деп танылса, тағы бір шабуылшысы Дмитрий Шевченко ойынның екінші жұлдызы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

1. Александр Борисевич ҚХЛ-дағы алғашқы шайбасын және командасына жеңіс әкелген голды соқты.

2. Дмитрий Шевченко гол соғып, қақпаға 4 соққы жасап, қарсыласына 3 күштік әдіс қолданған. 

3. Павел Акользин матч есебін ашты, Гудачек қорғаған қақпаға 4 соққы жасап, 3 күштік әдіс жасаған. 

Осы жеңістің арқасында "Барыс" ҚХЛ Шығыс конференциясының үздік сегіздігі қатарына қайта қосылғанын еске сала кетейік.