Александр Бублик польшалық теннисшіге есе жіберді

Александр Бублик польшалық теннисшіге есе жіберді
Теннис

Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан теннистен United Cup командалық турнирінің кезекті жарыс күнінде Александр Бублик әлемнің 10-ракеткасымен кездесті, деа хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы мен Хуберт Хуркач (Польша) арасындағы кездесу үш сеткен созылып, Александр Бублик 6:7 (8:10), 6:4, 3:6 есебімен жеңілді. Отандасымыз бұл матчта 15 эйс жасады.