Михаил Кукушкин жылды жеңілістен бастады

Михаил Кукушкин жылды жеңілістен бастады
Теннис

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Австралияның Канберре қаласында өтіп жатқан “Челленджер” турнирі іріктеу кезеңінің бірінші айналымынан аса алған жоқ, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Іріктеу сынында корт иесі Тирстан Сколкейтпен кездескен қазақстандық спортшы 1 сағат 50 минутқа жалғасқан матчта қарсыласынан 6:2, 3:6, 3:6 есебімен жеңілді. Ол 4 эйс жасап, тоғыз брейк-пойнттың екеуін ғана жүзеге асырды және бірде-бір қосарланған қателік жіберген жоқ.

Еске салайық, “Челленджер” турнирінің қараша айында өткен өткен жарысында Мизаил Кукушкин финалда өнер көрсетіп, чемпиондық атақтан бір адым жерде тоқтаған.