Жібек Құламбаева әлемнің 35-ракеткасынан жеңілді

Жібек Құламбаева әлемнің 35-ракеткасынан жеңілді
Теннис

Теннистен Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан командалық United Cup турнирінде Жібек Құламбаева швейцариялық Жиль Тайхманнан жеңіліс тапты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстандық спортшы әлемнің 35-ракеткасынан 6:3, 6:2 есебімен жеңіліс тапты. Бұл Қазақстанның турнирдегі қатарынан төртінші жеңіліс еді. 

Жекелей жарысты аралас жұптық сын жалғап, Александр Бублик пен Жібек Құламбаева жұбы Марк-Андреа Хуслер мен Жиль Тайхманн дуэтінен 7:6, 6:3 есебімен жеңіліс тапты. 

Еске салайық, бүгінгі күнге арналған жарыс кестесінде аралас жұптық сында Александр Бубликпен бірге Юлия Путинцева өнер көрсетеді деп тұрған. Одан бөлек, швейцариялық жұпта да өзгеріс болған. Қазақстандық теннисшілерге Бенчич-Вавринка жұбы қарсы тұруы керек болған. Осылайша, турнирде бірде-бір жеңіске қол жеткізбеген Қазақстан құрамасы ертең Польшамен кездеседі.