Футбол жұлдыздары Пелемен қош айтысты
Футбол
29 желтоқсан күні дүниеден өткен футболдан әлемнің үш дүркін чемпионы атанған жалғыз ойыншы, аңызға айналған Пелемен қазіргі футбол жұлдыздары қош айтысты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында:
"Бразилия еліне, әсіресе Пеленің отбасына қайғыра көңіл айтамын. Аңызға айналған корольге жай ғана "Қош бол!" деп айту аздық етеді. Миллиондарға жігер сыйлап, үлгі болған жан. Бүгін және әрдайым. Бақұл бол, король Пеле", - деп жазды.
Ал Бразилия ұлттық құрамасы сапында соғылған голдар саны бойынша Пелемен теңесе алған жалғыз ойыншы Неймар (77) даңқты футболшы туралы:
"Пелеге дейін "10" жай ғана сан болды. Пелеге дейін футбол жай спорт түрі еді. Ол футболды өнерге айналдыра білді. Пеле Бразилияны бүкіл әлемге танытты. Ол кеткенімен, оның күші мәңгі бізбен бірге. Мәңгілікке!, - деп жазды.
"Футбол королі бізді тастап кеткенімен, оның мұрасы бізбен мәңгілікке бірге. Бақұл бол, Король", - деп жазды жас талант, футболдың жарық жұлдызына айнала білген Килиан Мбаппе.
Бразилияның атақты футболшыларының бірі, Пеленің ізбасары Роналдо:
"Биіктен еш түспеген Пеле бүгін біздің арамыздан кетті. Футболдың жалғыз королі. Замандар үздігі. Сенің талантың - әрбір ойыншы міндетті түрде өтуі керек мектеп. Рақмет, Пеле", - деп жазды.
Италиялық "Рома" футбол клбуының бас бапкері Жозе Моуриньо өзінің есті естелігімен бөлісіп:
"2005 жылы ВВС сыйлығын Корольдің өз қолынан алдым және сол кез мақтанышпен еске алатын сәттерімнің бірі. Бақұл бол, Король Пеле. Жақындарыңды ойла", - деп жазды.
Франциялық "ПСЖ" футбол клубының қорғаушысы Серхио Рамос:
"Оны тек аңыз адам болды деу аздық етеді. Футбол әлемі король Пелені әрдайым жадында сақтайды", - деп Пелемен қош айтысты.
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионы Лионель Месси өз Instagram парақшасында:
"Бақұл бол, Пеле", - деп Пеленің қайтыс болуына байланысты жазба қалдырды.