Бублик Стэн Вавринкадан ұтылды

Бублик Стэн Вавринкадан ұтылды
Теннис

29 желтоқсан - 8 қаңтар аралығында Брисбенде (Австралия) өтіп жатқан United Cup командалық турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстанның бірінші ракеткасы швейцариялық Стэн Вавринкамен кездесіп, 0:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

1 сағат 30 минутқа жалғасқан кездесуде Александр Бублик әлемнің 148-ракеткасынан 3:6, 6(3):7 есебімен жеңілді. Қазір кортқа тағы бір қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева шықты. Ол әлемнің 40 теннисшісінің қатарына кіретін Жиль Тайхманнмен (Швейцария) сынға түсіп жатыр. Сондай-ақ, қазақстандық спортшылар бүгін аралас жұптық сында да бақ сынайды. Онда ел намысын Юлия Путинцева Александр Бублик қорғап, Белинда Бенчич - Стэн Вавринка жұбына қарсы ойнайды.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы бұл командалық турнирде бірде-бір жеңіске қол жеткізбей, Швейцариядан 0:3 есебімен жеңіліп жатыр.