Даңқты футболшының жерленетін жері белгілі болды

Даңқты футболшының жерленетін жері белгілі болды
Футбол

Ұзақ уақыт бойы онкологиялық аурумен күрескен даңқты футболшы Пеле кеше, 29 желтоқсан күні өмірден өтті. "Футбол королінің" денесі Бразилияның Сантос қаласындағы Экуменика мемориалдық қорымында жерленеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Globo ESporte" басылымына сілтеме жасап. 

Пелені ақтық сапарға шығарып салу рәсімі "Сантос" футбол клубының алаңында ұйымдастырылып, бір жарыс күнге созылады, сондай-ақ оған Бразилияның қазіргі Президенті Жаир Болсонару мен жаңадан сайланған басшысы Лула да Силва қатысады деп жоспарланып отыр. Ал оның жерленген қорымына кіруге тек футболшының отбасы мен жақындарының ғана мүмкіндігі болады. 

Ал қала әкімі Рохерио Сантос өз әлеуметтік желілердегі парақшасында Пеленің қайтыс болуына байланысты жеті күндік аза тұтуды жариялады. 

Пеле өз кәсіби мансабында 1363 ойын өткізіп, 1281 гол соққан. Бразилияқ ұлттық құрамасының сапында ойыншы 92 матчқа қатысып, 77 голдың авторы атанған. Ол - футболдан үш дүркін әлем чемпионы атанған жаһандағы жалғыз футболшы.