United Cup: Қазақстанның бірінші ракеткасы жарыс жолын бастады

United Cup: Қазақстанның бірінші ракеткасы жарыс жолын бастады
Теннис

Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан теннистен United Cup командалық турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан мен Швейцарияның теке-тіресі жалғасын табады. Бүгін жарыс жолына Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик, Жібек Құламбаева шығады және отандастарымыз аралас жұптық сында бақ сынайды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазіргі сәтте Александр Бублик пен швейцариялық Стэн Вавринка кездесуінің бірінші сеті өтіп жатыр. 1-сет қорытындысы бойынша есеп - 1:0 (6:3). Әзірге Бублик қарсыласына есе жіберіп жатыр.

Осы матч аяқталғаннан кейін кортқа Жібек Құламбаева шығады. Ол әлемнің 35-ракеткасы Жиль Тайхманмен сынға түседі. Жекелей сынның кездесулері аяқатлғаннан кейін, командалар арасындағы жарыс аралас жұптық сынмен жалғасын табады. Бұл бәсекеде ел намысын Юлия Путинцева - Александр Бублик жұбы қорғайды. Олардың қарсыласы - Белинда Бенчич - Стэн Вавринка жұбы. 

Еске салайық, алғашқы жарыс күнінен кейін Швейцария құрамасы 2:0 есебімен алда келеді.