Бразилия халқы үш күн аза тұтады

Бразилия халқы үш күн аза тұтады
Футбол

Бразилия үкіметі футболдан үш дүркін әлем чемпионы Пеленің дүниеден озуына байланысты елде үш күндік аза тұту күнін жариялады, леп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

“Футболшы Эдсон Арантис ду Насименто, Пеленің өліміне байланысты осы жарлық жарыққа шыққан күннен бастап елде жалпыұлттық үш күндік аза тұту жарияланады”, - деп жазылған Diário Oficial da União үкіметтік газетінде. 

Еске салайық, Пеле 29 желтоқсан күні 82 жасында өмірден озды. Соңғы уақытта ол тоқ ішек қатерлі ісігімен күресті, ал дәрігерлер футболшы ағзасының химиотерапияларға әсер беруін тоқтатқанын айтқан болатын.