Тимофей Скатов та Австралиядағы турнирді сәтсіз бастады

Тимофей Скатов та Австралиядағы турнирді сәтсіз бастады
Теннис

Теннистен Австралияның Брисбен, Перт пен Сидней қалаларында өтіп жатқан командалық United Cup турнирінің алғашқы жарыс күнінде қазақстандық спортшылардан Юлия Путинцева мен Тимофей Скатов ел намысын қорғады. Путинцеваның ізінен кортқа шықан Скатов та швейцариялық қарсыласынан айласын асыра алмады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Тимофей Скатовтың алғашқы жарыс күніндегі қарсыласы әлемнің 56-ракеткасы Марк-Андреa Хуслер болып, отандасымыз үш сетте 0:2 (6:4, 3:6, 3:6) есебімен жеңіліс тапты. 2 сағат 22 минутқа жалғасқан матчта 4 эйс жасап, екі қосарланған қателік жіберіп, қатарынан 5 ұпай иеленіп, 3 геймді өз пайдасына жазды. 

Еске салайық, қазақстандық спортшылар арасынан жарыс жолын бірінші болып Юлия Путинцева бастаған, ол Олимпиада чемпионы Белинда Бенчичтен ұтылды.