United Cup: кортқа алғаш болып Путинцева мен Скатов шығады

United Cup: кортқа алғаш болып Путинцева мен Скатов шығады
Теннис

29 желтоқсан - 8 қаңтар күндері Австралиялның Брисбен, Перт және Сидней қалаларында теннистен тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған командалық United Cup турнирі өтеді, халықаралық доданың алғашқы күнінде екі қазақстандық теннисші сынға түседі, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстан әйелдер құрамасының ең тәжірибелі ойыншысы Юлия Путинцева жарыс жолын бірінші болып бастап, ол әлемнің 12-ракеткасы, Токио Олимпиадасының чемпионы, 2022 жылғы Билли Джин Кинг кубогының жеңімпазы швейцариялық Белинда Бенчичке қарсы ойнайды. Екі теннисші бұған дейін бір-бірімен 5 рет кездескен, оның үшеуінде Юлия Путинцева жеңіске жетсе, екеуінде Белинда Бенчич басым түскен. Матч Астана уақытымен 15:00-ден ерте басталмайды.

Путинцевадан кейін кортқа Тимофей Скатов шығады. Ол әлемнің 56-ракеткасы, швейцариялық теннисші Марк-Андреа Хуслермен сынға түседі. Бұл кездесу елорда уақытымен 16:30-дан ерте басталмайды.