Қазақстандық теннисшілердің United Cup-тағы қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық теннисшілердің United Cup-тағы қарсыластары белгілі болды
Теннис

29 желтоқсан мен 8 қаңтар күндері Австралияның Брисбен, Сидней және Перт қалаларында теннистен United Cup турнирі өтеді. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған турнирде Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетіп, кездесулерін Брисбенде өткізеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

В тобында Қазақстаннан өзге Швейцария мен Польша құрамалары бар.

Швейцария құрамасы: Белинда Бенчич, Стэн Вавринка, Джил Тайхман, Марк-Андреа Хюслер, Илена Ин-Альбон, Доминик Стефан Штрикер, Джоан Цугер, Александер Ричард. 

Польша құрамасы: Ига Швентек, Хуберт Хуркач, Магда Линетт, Камиль Майхшак, Даниэль Михальский, Алиция Росольская, Лукаш Кабот. 

Ал Қазақстан құрамасы утрнирде келесі құраммен өнер көрсетеді: Александр Бублик, Юлия Путинцева, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Жібек Құламбаева, Гузель Айнетдинова.